Қоғам

Алматыда аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп бастады.

"Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар жасасуға көмектесу, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою үшін жұмсалған", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: қамауға алу