Қоғам

Алматыда әйел патрульді полиция көлігіне тас лақтырып, кейін қашуға әрекеттенген

Алматыда патрульдік полиция көлігіне шабуыл жасаған әйел ұсталды. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға түсіп қалған.

Фото: скриншот

Кадрларда әйелдің жол бойымен өтіп бара жатқан полиция қызметтік көлігіне тас лақтырғаны, содан кейін оқиға орнынан қашуға тырысқаны көрінеді. Алайда тәртіп сақшылары оны көп ұзамай қолға түсірді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталып, оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылған.

Полицейлердің айтуынша, оның әрекеті түсініксіз әрі себепсіз болған. Осыған байланысты оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, әйелдің психоэмоциялық жағдайына бағалау жүргізілген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі