Қоғам

ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсы

Қыркүйектің 7-сі күні Алматыдағы «Алма» қонақ үй кешенінде «Феминита атом электр станциясының құрылысына қарсы» атты лекция өтті.

Фото: ЖИ neuralwriter

Оған 10 адам, оның ішінде «Феминита» қозғалысының жетекшілері Ж.Секербаева, Г.Сержан, феминист Г.Өтебаева, экологтар К.Атаханова мен Г.Кәкімжанова және  ЛГБТ қауымдастығының өкілдері қатысты.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Феминита» қозғалысының жетекшілері АЭС салу кезінде еліміз технология жеткізушісі шет мемлекетке тікелей тәуелді болуымыз мүмкін екенін ескертті. 

Феминистер Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева лекция барысында атом электр станциясын салуға не үшін қарсы екендерін түсіндірді.

"Үлкен бір мемлекет бар. Мемлекетте ақша бөлінеді. Біз таңнан кешке дейін жұмысқа барамыз. 8 сағат жұмыс істеп, қалтамыздан салық төлейміз. Сосын ол салықты алып,"қару" салады. Сандырақ нәрсе ғой. Біз не үшін салық төлеп жүрміз сонда?", - дейді Гүлзада Сержан.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанды Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізу күні деп жариялады. Парламентте сөйлеген сөзінде ол «өсіп келе жатқан жаһандық энергия тапшылығы туралы» айтты. «Бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет» деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін «Feminita» қозғалысы елімізде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияға қарсы шыққан болатын.

«Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде мемлекеттік органдардың, өтініш берушілердің, сарапшылардың және басқа да мүдделі тараптардың ұстанымдары айтылған жұмыс тобының алдыңғы екі отырыс нәтижесі талқыланды.

Қатысушылар петицияны қарау барысында ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, жетекші сарапшылармен консультациялар өткізгенін, Қазақстан халқынан алынған әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері сараланғанын атап өткен еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АЭС