Әлеумет

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтер иесінің өз тұрғын үйіне 990 адамды тіркегені анықталды.

Фото: ашық дереккөз

Прокурорлардың мәліметінше, пәтерде іс жүзінде ешкім тұрмаған. Соған қарамастан пәтер иесі азаматтарды ақылы негізде уақытша тіркеуге қойып отырған.

Осылайша бір бөлмелі баспана жаппай тіркеу орнына айналған. Прокуратураның мәліметінше, тіркелген адамдардың саны кейбір шағын ауылдардың тұрғындарымен шамалас.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ер адамға заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген айып тағылды.

Сот оны кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сайт Әкімшілігі