Алматыда бір отбасының үш келіні қалта ұрлығымен айналысты деген күдікке ілінді
Полицияның мәліметінше, күдіктілер өзара рөлдерді алдын ала бөлісіп, ұйымдасқан түрде әрекет еткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар негізінен базарларда, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын басқа да орындарда қалта ұрлығымен айналысқан.
Күдіктілер тұрғындардың ұялы телефондарын, қолма-қол ақшасын және алтын әшекейлерін жымқырып отырған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған әйелдердің Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған ұрлыққа қатысы болуы мүмкін.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, полиция олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.