Алматыда ер адам лифт тосып тұрған қызға шабуыл жасаған
«Ақкент» шағын ауданында ер адам подъезде бұзақылық жасап, кейін лифт ішінде қызға басымен соққы жасаған.
Криминальный Казахстан телеграм каналы таратқан бейнежазбада ер адамның өзін бастапқыда агрессивті ұстағаны байқалады.
Ол подъезде лифт шақыру батырмасын бірнеше рет қатты ұрған, аяғымен тепкен. Осы сәтте жанында тұрған қызға да шабуылдай бастаған.
Кейін олар лифтке кірген кезде ер адамның әрекеті одан әрі ушыққан. Бейнекадрлардан оның қызға кенеттен шабуыл жасап, басымен соққы жасағаны көрінеді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жәбірленушінің жағдайы мен ер адамның ұсталған-ұсталмағаны туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.