Қоғам

Алматыда ер адам той алдында қалыңдығының ағасын пышақтаған

Алматы қаласының Бостандық ауданында үйлену тойына дайындық кезінде туындаған жанжал салдарынан бір адам пышақ жарақатын алды.

Фото: ЖИ

Алдын ала мәлімет бойынша, сауда орталықтарының бірінің автотұрағында ер адам мен болашақ қалыңдығының ағасы арасында жанжал шыққан. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал барысында күдікті қарсыласына пышақпен дене жарақатын салған.

Оқиғадан кейін күдікті полиция қызметкерлері тарапынан жедел түрде ұсталды. Қылмыс құралы ретінде пайдаланылды деген пышақ оның автокөлігінен табылып, тәркіленді. Айғақты заттар қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Тергеу қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Сайт Әкімшілігі