Алматыда қағаз зауытынан өрт шықты
Қағаз зауыты Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте нысанда ашық жанып жатқан. Тілсіз жау жылдам таралып, өрттің ауқымы ұлғайған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖД күштері мен техникасы жоғары деңгейлі дабыл бойынша жұмылдырылды.
Төтеншеліктер таратқан мәліметке сәйкес, өрт қағаз зауытының аумағында орналасқан қоймадан шыққан. Әкімшілік өкілдерінің хабарлауынша, өрт кезінде нысан ішінде адамдар болмаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі үздіксіз су беру жүйесін ұйымдастырып, бірнеше су оқпанын іске қосты. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді.