Қоғам

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтеріледі

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы Т120 дейін көтеріледі. Бұл туралы Алматы қалалық мәслихаты мақұлдады.

Фото: Алматы қаласы мәслихаты

Қалалық инфрақұрылым басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың мәліметінше, Алматыда күн сайын 2468 автобус пен троллейбус шығаратын 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Жолаушылар ағыны тәулігіне 1,5 млн адамды құрайды. Алайда, күнделікті түсімдер тасымалдаушылардың барлық шығындарын өтемейді, нәтижесінде:

  • Техниканы уақтылы жөндемеу.
  • Қосалқы бөлшектерді сатып алудағы кідірістер.
  • Маршруттардағы жүйеліліктің бұзылуы.
  • Жүргізуші құрамының кетуі.
  • Тасымалдаушылардың өз қаражатынан шығыстарды жабуы.
  • Саланы дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауына әкеліп соғады.

Автобустардың, қосалқы бөлшектердің, шұғыл шығындардың және жүргізушілердің жалақысының жыл сайынғы өсуіне қарамастан, автобустардың орташа жасы 3 жыл, нормативтік пайдалану мерзімі 7 жыл.

Тарифті 120 теңгеге дейін көтеру:

  • Техниканы уақтылы жөндеу.
  • Қосалқы бөлшектерді уақтылы сатып алу.
  • Маршруттардағы жүйелілікті жақсарту.
  • Жүргізушілерді тарту және ұстау.
  • Тасымалдаушыларға қаржылық жүктемені азайту.
  • Жолаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, саланы дамытуға септігін тигізетіні айтылған.

Комиссия мүшелері сондай-ақ жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға арналған Тарифтерді келісу мәселесін қарады.

Тариф 120 теңгеге дейін көтерілген жағдайда 2024 жылы субсидияларды үнемдеу 7 млрд теңгені құрайтын болады.

Nurbike Beksultan
Тегтер: автобус