Қоғам

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Үндістанның 35 азаматы елден шығарылды

Алматы қаласында көші-қон заңнамасын бұзған Үндістан Республикасының 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

Фото: полиция

Полицияның мәліметінше, олардың барлығы рұқсат етілген мерзім аяқталғанына қарамастан Қазақстан аумағында заңсыз жүрген.

Нысаналы іс-шаралар барысында Алматы қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарының жүрген жерін анықтап, оларды ұстады.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Полиция қызметкерлері оларды әуежайға дейін жеткізіп, шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін алып жүрді.

Сонымен қатар, шетел азаматтарының Қазақстанда жүру мерзімі аяқталғаннан кейін олардың елден уақытылы шығуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Сайт Әкімшілігі