Қоғам

Алматыда көшелерінің бірінде көлік адамды басып кетті

Аталған оқиға 17 желтоқсан күні кешке Торайғыров көшесінде орын алды, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін біртүрлі ұстап, өтіп бара жатқан көліктерді жолға жатып тоқтатуға тырысқан.

Hyundai Accent жүргізушісі ер адамды соға жаздап, дер кезінде бұрылып кеткенімен, Toyota Camry көлігінің иесі жатқан адамды байқамай, оны басып кетті.

"Ер адам қара киім киген, ал көшенің жарықтандырылуы нашар. Жүргізуші оны дер кезінде байқай алмады. Біраз жүргеннен кейін ғана дөңгелектердің астында адамның бар екенін түсінді", - деді куәгерлер.

Полиция тиісті құқықтық шараларды жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі