Алматыда метро желісін «Барлық» базарына дейін ұзарту жұмыстары басталды
Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін «Қалқаман» метро станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал биыл «Қалқаман» станциясынан «Барлық» станциясына дейінгі учаскенің құрылысы басталған.
«Метрополитенді кезең-кезеңімен дамытып жатырмыз. «Барлық» станциясына дейінгі метро учаскесінің құрылысы басталды», – деді Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар метро желісін одан әрі кеңейту үшін «Жібек жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейінгі екінші желі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
Әкім көлік инфрақұрылымын дамытудың келесі маңызды кезеңі Skytrain жобасы болатынын айтты. Оның сөзінше, бұл жобаны іске асыру жұмыстары келесі жылы басталады.