Қоғам

Алматыда мыңнан аса жүргізушінің денсаулығы көлік айдауға сай келмейтіні анықталды

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген прокурорлық тексеру барысында көлік басқаруға медициналық тұрғыдан жарамсыз 1194 жүргізуші анықталды.

Фото: ашық дереккөз

Түрксіб ауданының прокуратурасы жүргізген қадағалау жұмыстары кезінде бұл азаматтардың денсаулық жағдайына байланысты көлік жүргізуге абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдері болғаны белгілі болған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін Алматы қаласының Полиция департаменті аталған азаматтардың жүргізуші куәліктерін пайдалануын тоқтату бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының соттары осы мәселеге қатысты 381 талап-арызды қанағаттандырған. Қалған материалдар бойынша жұмыс жалғасуда.

Сайт Әкімшілігі