Аймақ

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Отан қорғаушы күніне орай Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді.

Фото: Алматы әкімдігі

Салтанатты рәсімге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Фото: Алматы әкімдігі

Мемлекеттік Туды көтеру барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Мерекелік іс-шара әрі қарай 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерт Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің сүйемелдеуімен шырқалған «Ұлы елім» әнімен ашылды. Сахнада танымал отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындады.

Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ, қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды.

Сайт Әкімшілігі