Қоғам

Алматыда пневматикалық қару мен пышақтарды заңсыз сатқандар анықталды

Алматыда пневматикалық қару және пышақтар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Полиция

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында пневматикалық және суық қаруды заңсыз сату дерегін анықтап, оның жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан пневматикалық қарулар мен суық қару түрлері тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Сайт Әкімшілігі