Қоғам

Алматыда Сайран көлінде келушілерге балағат сөз айтқан музыканттар жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде қоғамдық орында ер адам мен әйелдің былапыт сөздер айтып тұрғаны бейнеленген видеоға байланысты Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті шаралар қабылдады.

Фото: видео-скрин

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысқан екі азаматтың да жеке басы анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған факті бойынша оларға қатысты ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғалып, жиналған материалдар сотқа жолданды.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық орындарда айналадағыларға құрметсіздік таныту, былапыт сөз айту және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Тәртіп сақшылары заң мен тәртіп әр азаматтың мәдениетті мінез-құлқы мен өзара сыйластығынан басталатынын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі