Алматыда таудан түсе алмаған үш жасөспірім құтқарылды
Түнде жедел қызметтердің пультіне Алматы облысының тауларында, Шукур асуында теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте үш жасөспірім қиын жағдайға тап болып, өздігінен төмен түсе алмай қалғандығы туралы хабарлама келіп түсткен.
Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде жіберілді. Қараңғы уақыт пен күрделі тау жағдайына қарамастан, құтқару операциясы жедел әрі үйлесімді жүргізілді.
Құтқарушылар жасөспірімдерді тау ішінде тауып, оларды аман-есен Алма-Арасан шатқалына дейін түсірді.
Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.