Қоғам

Алматыда жол бойында жүк көлігі өртенді

Алматыда жол бойымен келе жатқан ЗИЛ жүк көлігінің кабинасынан түтін шығып, артынша көлік жалынға оранды.

Фото: полиция

Оқиға Төле би көшесінің Байтұрсынов көшесімен қиылысында болған. Көліктен түтін шыққанын байқағаннан кейін оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі жетіп, өртті сөндіруге кірісті.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Азаматтардың қауіпті аумаққа жақындауына жол берілмеді.

Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы да шақырту орнына келген. Алдын ала мәлімет бойынша, медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі