Алматыда жүкті екенін білмеген әйел УДЗ кабинетінде босанып қалды
Алматыдағы жекеменшік клиникалардың біріне асқазанының жайсыздығына шағымданып барған әйел күтпеген жағдайға тап болды. Тексеру кезінде оның жүкті екені анықталып, көп ұзамай босанып қалған.
Мәліметке сәйкес, әйел гастроэнтерологқа ішінің кебуі мен ауырсынуына байланысты қаралған. Алайда ультрадыбыстық зерттеу барысында дәрігерлер оның шамамен жеті айлық жүкті екенін анықтаған.
Кейін гинеколог мамандар тексеру жүргізіп, науқаста босану процесі басталып кеткенін байқаған. Дәрігерлер жедел әрекет етіп, сәби УДЗ кабинетінің ішінде дүниеге келген. Мамандардың айтуынша, анасы мен жаңа туған қыздың жағдайы тұрақты. Кейін олар жедел жәрдем арқылы перзентханаға жеткізілген.
Сондай-ақ отбасының ұзақ уақыт бойы бала сүйе алмай жүргені және қыз баланы армандағаны белгілі болды.