Алматыда журналист Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот процесі басталды
Алматыда Orda.kz порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот отырысы басталды.
Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: заңсыз кәсіпкерлік, көрінеу жалған ақпарат тарату және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу.
Гүлнәр Бажкенова былтыр желтоқсан айынан бері үйқамақта отыр.
Бұған дейін бірқатар халықаралық және қазақстандық сөз бостандығын қорғау ұйымдары оған қолдау білдіріп, істің әділ қаралуына шақырған.