Қоғам

Алматыдағы автобус апаты: жүргізушіге шабуыл жасаған адам қамауға алынды

Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам 2 айға қамауға алынды, деп жазды Zhasalash.kz.

Фото: из открытых источников

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына себепкер болған, автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді.

Сайт Әкімшілігі