Оқиғалар

Баум тоғайында үстіне ағаш құлап, жарақат алған 19 жастағы бойжеткен ауруханада көз жұмды

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен 27 маусым күні №4 қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Содан бері ол жансақтау бөлімінде тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болған.

Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті емдеу шараларын жүргізген. Алайда ауруханаға түскеннен кейінгі 14-күні оның жүрегі тоқтап қалған.

Қайғылы оқиға кезінде бойжеткен тоғайда серуендеп жүрген. Кенеттен оның үстіне ағаш құлап, ауыр жарақат алған еді.

Сайт Әкімшілігі