Қоғам

Алматыдағы пластикалық хирургия клиникасында танымал блогер көз жұмды

Алматы қалалық Полиция департаменті танымал қазақстандық блогер Сауле Базарханның өлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Фото: әлеуметтік желіден

Алдын ала мәлімет бойынша, 53 жастағы әйел 15 мамыр күні қаладағы жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сайт Әкімшілігі