Қоғам

Алматы–Измир бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылдың 31 шілдесінен бастап елімізде Түркияның SunExpress әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсті іске қосады.

Фото: pixabay.com

Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі