Қоғам

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері 2,2 млрд. теңгеден астам қаражатты ұтымсыз пайдаланудың алдын алды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік кәсіпорындар тарапынан тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бағаны көтеру фактілері бойынша мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру басталғаннан бері 10 ай ішінде қалалық департамент волонтерлерінің күшімен 2,2 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қаражатты үнемдеуге қол жеткізілді.

«Біз күн сайын мемлекеттік мекемелердің жоспарлы сатып алуларын зерделейміз және тауарлар мен қызметтердің құнын айқын көтерген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атына хаттар жолдайсыз», - деп атап өтті жоба еріктісі Давранбек Садықов.

Мысалы, жақында жоғары оқу орындарының бірі 22 млн. теңге сомасына 1 дана көлемінде «планетарлық сканерді» сатып алуды бекітті.

Интернет кеңістігінің мониторингі барысында аталған тауардың бағасы нарықтық бағадан жоғары екендігі анықталды.

Басқа сайттарда ұқсас форматтағы сканердің бағасы 6,9 млн. теңгені құрайды.

Осылайша, баға 15 млн. теңгеге негізсіз көтерілген.

Көрсетілген факт анықталғаннан кейін ЖОО-ға хат жолданып, сатып алу тоқтатылды.

Тағы бір мысал-А4 кеңсе қағазын сатып алу фактісі.

Мысалы, мектеп-гимназия жалпы сомасы 5 млн теңгеге 1875 бума көлемінде кеңсе қағазына сатып алуды жариялады.

Сатып алынатын қағаздың бағасы нарықтық құнынан 2 есе асады.

Осылайша уәкілетті органдардың атына хат жолданды, сатып алу қайта қаралды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: антикор