Алматы әкімі блок-бекеттердің нақты қашан алынатынын айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладаблок-бекеттер 1 маусымға қараған түні алынатынын мәлімдеді.
«1 маусымға қарағантүні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимікезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды», — деп жазды Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.
Әкім барлықполиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктермен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысынбілдірді. «Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелгенміндетті абыроймен атқардыңыздар», — деді Бақытжан Сағынтаев.