Өңір

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Фото: Алматы әкімдігі

Қабылдау барысында тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, көркейту, көлік және экология мәселесін көтерді. Қабылдау барысында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау жобаларын дамыту, балалар музыка академиясын ашу, экологиялық технология енгізу, қоғамдық көлікті жаңғырту және футбол стадионын салу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жекешелендіру шарттары және мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу туралы мәселе талқыланды.

Әрбір өтініш бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктері түсініктеме берді. Қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Сайт Әкімшілігі