Әлеумет

Алматы кіреберісінде 27 блокпост қойылады

Алматы кіреберісінде 27 блокпост қойылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Jasalash.kz

Сағынтаев коронавирус пандемиясына байланысты Алматыда 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантин жарияланғанын мәлімдеді.

«Блокпосттарда патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, „Гранит“ полкінің, Қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін „жасыл дәліз“ орнатылады», — деп мәлімдеді Сағынтаев.

Қалаға қай жерде блокпосттар орнатылғанын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://drive.google.com/file/d/18TLPEE_4pPs6RJKWzD8bbWy97Dxi5Xnv/view

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега