Алматы метросында "Оңай" төлем жүйесі істен шығып, жолаушылар арасында кептеліс туындады
Бүгін таңертең Алматы метросының барлық станциясында "Оңай" жүйесінің QR-код арқылы төлем жасау қызметі уақытша істен шықты.
Соның салдарынан жолаушылар арасында ұзын-сонар кезек пайда болды.
Техникалық ақау таңғы сағат 6:30–да тіркеліп, тек 9:30–да толық шешілген.
Бұл уақытта "Оңай" көлік карталарымен, банк карталары арқылы, Apple Pay және Samsung Pay қосымшаларымен, сондай-ақ қағаз QR-билеттермен төлем жасау қалыпты жұмыс істеген.
Метрополитен әкімшілігі жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.