Аймақ

Алматы облысында атыс болып, бір адам көз жұмды

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram парақшасында хабарлады.

Jasalash.kz

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза болды.

— Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. 

Қазір сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүріп жатыр. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега