Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды
Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті қағып өтіп, полиция қызметкері қайтыс болды, — деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияныңмәліметінше, оқиға 25 мамырда, сағат 05.26-да болған. БМВ көлігінің жүргізушісі, 1992 ж.т. азамат А. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксайықшамауданында, № 4 өткізу пунктінен өтпек болған. Ол алдымен бетон қоршауды соққан, содан кейін патрульдік көліккесоқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері болған.
«Өкінішке орай,патрульдердің бірі — 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев жеделжәрдем келгенге қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержантыДастан Абдыканов ауыр жағдайда қаладағы жақын ауруханаға жеткізілді» -дейді полиция өкілі.
Мас күйінше көлік басқарған BMW көлігініңжүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-делінгенхабарламада.