Аймақ

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Жас Алаш polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салайық, 13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының белгілері бойынша тіркелді. Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толыққанды тексеріліп жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега