Алматы облысында “Твардовский дом” панажайының иесін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысында жануарларға арналған "Твардовский дом" панажайының иесі Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды.
Полиция мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс 2026 жылғы 7 қазанда тіркелген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер ұсталған адамның қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде.
Қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.