Қоғам

Алматы — Қонаев тас жолында 70 шақырымға созылған кептеліс болды

16 шілде, жексенбі күні Алматы — Қонаев тас жолында 70 шақырымға созылған ұзын сонар кептеліс болдыӘдетте Алматыдан Қонаевқа жету үшін жарты сағат уақыт кетеді.

Jasalash.kz

Бірақ өткен жексенбі үйге жету көп алматылықтың арманына айналды. Кейбірі үйлеріне түн жарымда бір-ақ жетіпті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, Алматы — Қонаев тас жолында Бақанас жолайрығынан Первомайкадағы көпірге дейін 70 шақырым кептеліс пайда болған. «Қазавтожол» мамандары 16 шілдеде Қонаевтан Алматыға қарай 32 456 машина жүргенін хабарлады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега