Алматы сары аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы коронавирус жұқтыру қаупінің «сары» аймағына кірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да жазды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» .
"Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз", — деді әкім.