Видео

Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған

Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған. Тәртіп сақшылары мәліметінше, 4 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылы туған азамат А.

Jasalash.kz

-ны әшкерелеген.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі (»Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз ұстау") бойынша қылмыстық құқықбұзушылық негізінде Қарасай ауданы бойынша тіркелді", — деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега