Әлеумет

Алматыда 12-ші аурухана түгел карантинге жабылды

Алматықаласының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасимова Орталық қалалықклиникалық аурухананың толықтай карантинге жабылғанын мәлімдеді.

Jasalash.kz

«Бүгін 12-ші аурухана толығымен карантинге алынды. Олар ендінауқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», — деді ол.

13 сәуірде  Алматыда тағы 27 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 21-і әйелдер, оның ішінде біржүкті әйел бар және алтауы — ер адам. 20 адам — қалалық орталық клиникалықаурухананың қызметкерлері. Жеті адам — балалар жұқпалы ауруларауруханасының қызметкерлері.

Бұған дейін аталмышаурухананың дәрігерлері  «Жас Алаш» сайтына  шағым білдіргенболатын.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега