Қоғам

Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты төрт адам ұсталды

Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Фото: әлеуметтік желіден

Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен төрт адамды ұстады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің кіреберісінен басына пакет кигізілген ер адамды алып шығып бара жатқан сәт бейнеленген бейнежазба тараған еді.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, күдіктілер марқұмның пәтерін заңсыз иемденуді көздеуі мүмкін. Қазір төрт азамат та уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап, әр күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріп жатыр.

Істің тергелуі Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауына алынған. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тәжірибелі тергеушілерден арнайы топ құрылған.

Сайт Әкімшілігі