Саясат

Алматыда AMANAT партиясының митингі өтуде

Ғылым Академиясы ғимараты маңындағы алаңда «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған келісілген митинг басталды.

Jasalash.kz

Шағын сахнаның алдында жиналған партия жақтастары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформаларды қолдап, Қазақстан туы мен арнайы транспараттар алып шықты.

Жиыналғандар алдымен Әнұранды ешқандай музыкалық сүйемелдеусіз орындады. Содан кейін, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, партиядан сайланған депутаттар мен басқа да белсенділер сөз сөйледі.Митинг жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега