Қоғам

Алматыда балалар бір ай бойы тегін шаңғы тебе алады

Алматы әкімшілігі «АлматыСпорт» әлеуметтік жобасын ұйымдастырушылармен бірге 10-12 жастағы балаларды таушаңғысын тебуге тегін үйретеді.

Jasalash.kz

Жаттығулар желтоқсанайының 1-і мен 31-і күндері аралығында «Шымбұлақ» демалыс аумағында өтеді депжоспарлануда. Бір балаға жаттығуға 60 минут уақыт берілген.Жаттығуға қажетті керек-жарақтың барлығы тегін. Жаттығуға бірінші кезекте көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары алынады.

Қажетті құжаттартізімі:

1.   Ата-аналардыңтөлқұжаты мен баланың туу туралы куәлік көшірмесі. (2 данадан)

2.   Көпбалалынемесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасы екендігін растайтын құжат (егер болса).

3.   Тұрғылықтымекен-жайыңызбен телефон номерыңыз.

4.   Баланыңмектепте қай ауысымда оқитындығын көрсету.

Жобаға аlmatysporty.kz сайтына немесе Бөгенбай батыр 66 мекен-жайы бойынша тіркелугеболады. Құжаттардың скенерленген нұсқасын info@arnage.kzпоштасына немесе +7(707) 245 -72-55 WhatsApp нөміріне жіберуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (727) 291-33-24, +7 (707) 245-72-55 (WhatsApp),+7 (707) 343-96-77, +7 (778) 352-61-41 хабарласыңыз.

Фото: skisport.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега