Қоғам

Алматыда энергетикалық сусындарды шамадан тыс ішкен жігітке шұғыл ота жасалды

Алматыда бірнеше ай бойы күн сайын 3–4 құты энергетикалық сусын ішкен жас жігіт ауруханаға түсті.

Фото: ашық дереккөз

Дәрігерлер оның асқазанында ойық жара пайда болып, тесілгенін және перитонит дамығанын анықтады.

Хирургтер шұғыл ота жасап, асқазанның зақымданған тұсын тігіп, құрсақ қуысын тазартты.

Ем нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, ол ауруханадан үйіне шығарылды.

Сайт Әкімшілігі