Қоғам

Алматыда ер адам интимдік қызмет көрсететін қыздың үстінен арыз түсірді

Алматыда интимдік қызмет көрсететін қызбен кездескен ер адам кейін оны өзіне шабуыл жасады деп айыптаған.

Фото: полиция

Ал қыздың айтуынша, жанжалды ер адамның өзі бастаған.

Оқиға Медеу ауданында болған. Қонаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде жанжал шыққаны туралы полицияға 102 арнасы арқылы хабар түскен. Оқиға орнына "Боран-636" патрульдік полиция экипажы барған.

Ер адамның сөзінше, қыз оның басынан ағаш затпен ұрған. Осыдан кейін ол қыздың соңынан қуған.

Полиция қызметкерлері қызды Мәметова көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында ұстаған.

Ал қыздың айтуынша, ер адам көшеде өзіне тиісіп, жанжал шығарған. Ол соған жауап ретінде ер адамды ұрғанын айтқан.

Екі тарап та Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір жанжалдың себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі