Алматыда госпиталь салуға 5,5 млрд теңге жұмсалады
Алматыда коронавирусқа қарсысалынып жатқан жаңа госпитальдің құрылысына 5,5млрд теңге бөлінбек.
Бұлақпаратты BI Group Almaty компаниясының директоры Айдос Мұқатаев айтты.
«Алматыдағы құрылыс жобасыныңқұны 5,5 млрд теңге шамасында. Біз Openbook жүйесімен жұмыс жасаймыз. Ондабарлық шығындар көрсетілетін болады. Қазір әлемдік аудиторлық компаниялардыңBig Four төрттігінен қай серіктестікпен жұмыс жасайтынымызды анықтап,келісімшарт жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаның өзіндік құнының аудиті меноперациялық бақылау қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді. Біздің ұсынысымыздыDeloitte, PricewaterhouseCoopers қабылдады», — деді Айдос Мұқатаев.
Қазір Алматыдағы госпитальдіңқұрылысына 298 адам, 44 техника жұмылдырылған. Құрылыс қызған кезде жұмысшыларсаны 500 адамнан асатын болады.
«Құрылысшыларға 600-700 орынғаарнайы хостел жалдадық. Тамақтандыру үшін 10 шатыр дайындалды. Тәулігіне 24сағат жұмыс істеп жатырмыз», — деді жоба жетекшісі Арман Қабылхасов.
Құрылыс жұмыстарын 25 сәуірдеаяқтау жоспарланған.