Баған

Алматыда індет жұқтырғандардың бірі аса ауыр жағдайда жатыр

Бүгін Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыныңбасшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты.

Jasalash.kz

Оның айтуынша, Алматыда емделіп жатқан бір науқастың жағдайы аса ауыр.  Тағы төртеуі де ауыр жағдайда жатыр, 92науқастың жағдайы — орташа ауыр, «Олардың ішінде облыс тұрғыны бар, 295науқастың жағдайы қанағаттанарлық», — деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, қазір індет көрсеткішбойынша: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 333 адам, Алматы қаласында – 461 адам,Қарағанды облысында — 87 адам, Ақмола облысында — 81 адам, Атырау облысында — 72 адам, Жамбыл облысында — 53 адам, Шымкент қаласында — 46 адам, ШығысҚазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 29 адам, Ақтөбе облысында — 18адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 29 адам, Павлодар облысында — 15 адам,Маңғыстау облысында — 12 адам, Қызылорда облысында — 143 адам, Батыс Қазақстаноблысында — 30 адам, Түркістан облысында — 56 адам, Қостанай облысында — 7адам. Жалпы 1480 науқас тіркелді.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега