Қоғам

Алматыда ішек инфекциясына байланысты ауруханаға түскен РФММ оқушыларының саны 55-ке жетті

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы төрт оқушысы ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға жатқызылды.

Фото: Pixabay

Осылайша, ем қабылдап жатқан балалардың жалпы саны 55-ке жетті.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түскен оқушылардың жағдайы тұрақты. Денсаулығында нашарлау байқалмаған.

Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емдеуді қажет ететін науқастар жоқ.

Сайт Әкімшілігі