Қоғам

Алматыда көшеде бір адамды өлтіріп кетті

Кеше түнде Алматыда Райымбек даңғылы бойындағы «Апорт Молл» маңындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің жанынан ер адамның мәйіті табылды.

Jasalash.kz

 

Дәрігерлер бас-ми жарақаты өлімге соқтырған деген қорытынды шығарды. Оны басынан доғал затпен, мүмкін таспен бір қойған. Марқұмның үстіндегі киімі тап-таза, тиянақты, барлық құнды заттары — телефон мен ақшасы қалтасында екендігі атап өтілген.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша Наурызбай облысының полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынғанын хабарлады.

— Марқұмның жеке басы анықталды. Ол 1972 жылғы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, өлімнің мән-жайлары және кінәліні анықтау бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, — дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега