Алматыда өкілеттігін теріс пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды
Алматыда жеке сот орындаушысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталды. Ол борышкердің банк шоттарына қойылған тыйымдарды заңсыз алып тастаған.
Бұл факті Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында анықталған.
Прокуратура мәліметінше, жеке сот орындаушысының әрекетінен кейін борышкер өндіріп алуға жататын қаражатқа өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Алайда өндіріп алушыға тиесілі 35,6 млн теңге аударылмаған.
Сот жеке сот орындаушысын Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен оған жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.