Қоғам

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталды

Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Жас Алаш Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Сот санкциясы бойынша, 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалған.

«Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазір Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сараптамалар тағайындады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтыны хабарланды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега