Қоғам

Алматыда РФММ оқушыларының жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түскеннен кейін қылмыстық іс қозғалды.

Фото: полиция

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция мәліметінше, істі Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім тергеп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің қорытындысын қоса алғанда, бірқатар тергеу әрекеті жүргізіледі. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін мектептің тамақтану блогын тексерген Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар заңбұзушылықты анықтап, бес әкімшілік қаулы шығарған. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданған.

Еске салайық, бастапқыда ішек инфекциясына ұқсас белгілермен РФММ-ның 47 оқушысы ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Кейін олардың саны 48-ге жеткен.

Сайт Әкімшілігі