Саясат

Алматыда рұқсат етілген митинг өтті

Бүгінмаусымның 30-ы күні Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артында митингібасталды.

Jasalash.kz

Халық қоғамдық белсенді Әлнұр ИЛЬЯШЕВТЫҢ арызана орай рұқсат етілген митингіге жиналды.

Оларелдегі саяси реформалардың қажет екенін. Және Қазақстанның тұңғыш президентіНұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ биліктен кетуін талап етті.

Митингінің негізгі тақырыбы Қазақстан азаматтарының Конституцияда көрсетілген бейбіт жиын өткізу құқығына арналған болатын.

Жиында алғашқылардың бірі болып Рысбек СӘРСЕНБАЙ сөз алды. 

"Қадірлі халайық, мына сіздерді митингімен құттықтағым келіп отыр. Бұл біздің жеңісіміз! Бүгін билік те оянғанын көрсетіп отыр", — деп ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, олардың табандылығын атап өтті.

Сонымен қатар, бірнеше қоғам белсенділері ойларын білдірді. Олардың қатарында  «елдегі саяси жүйені өзгертеміз» деп құрылған «Oyan Kazakhstan»  қозғалысының өкілдері Әлия ТӨЛЕСОВА мен Әсем ЖӘПІШЕВА да бар.

Мінберге алдын ала тізімге жазылмаған   қарапайым азаматтар да ойын білдіруге тырысты. Көп балалы ана, ақсақалдар да шығып сөз сөйледі. Алайда, уақыттың тығыздығына байланысты ұйымдастырушылар жиі ескерту жасап, тек негізгі мәселелерін атап кетуді сұрап бақты.

«Бұл рұқсат берілген митинг болғандықтан арнайы ережелер бар. Соған бағынуымыз керек. Бізге 10 мен 12 аралығында, тек 2 сағат уақыт берілді. Жиын осымен тәмам. Бұл жерді де әкімдік беріп отырғандықтан, қоқыс тастамауларыңызды өтінемін!» деді митинг соңында Әлнұр Ильяшев.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега